АЛТЫ КҮНДЕ ЖЕТПІС ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

Алғашқы алты күнде әр түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 4431 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 243 азамат, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін 397 адам, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған 416 тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырған 344, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланған 472, жолдың қарсы бағытына шыққан 8, қауіпсіздік белдігін тақпаған 679 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, құжаттар сотқа жолданды.
Есепті мерзімде 70 қылмыстың беті ізі суымай ашылды.