ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРДІ

Елбасы мақалада ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін таяу жылдардағы міндеттерді атап көрсетті. Соның ең алғашқы қадамы – ол латын қарпіне көшу. Оның негізгі логикасын да түсіндірді. Сондықтан біз қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктерін біліп, бүгінгі қоғамның көшінен қалмау үшін осыған аса мән беруіміз қажет.
Халық рухының бүтіндігі, халық жоғын тауып беру — бұл мәңгілік мәселе. Міне, осы мәселелерге Елбасы мақалада нақты тоқталып, негізгі проблемаларды және оларды қалай өзгерту керектігін айтып берді. Сол себепті рухани жаңғыру ел болашағына ерекше серпін беретіні сөзсіз.
Жанарбек НҰРЫМБЕТОВ,
облыстық мәслихат депутаты