ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ТУЫСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті мен Қызылорда облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының бірлескен жоспарына сәйкес «ЗК – 169/5 мекемесі» республикалық мемелекеттік мекемесінде «Ашық есік» күні өткендігін хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Өткен жылдың желтоқсан айында ЗК – 169/5 мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, сиымдылығы 1000 адамға арналған жаңа ғимараттар салынды. Ағымдағы жылы «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілердің арасында тәрбиелік мәні бар мәдени, спорттық іс – шаралар ұйымдастырылып, аталған іс – шараларға белсене араласқан 239 жазасын өтеп жатқан азаматтарға көтермелеу шаралары көрсетілді, - дейді мекеменің бастығы, әділет подполковнигі Талғат Қамзаев.
Шара барысында Қызылорда облыстық филармониясы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. «Ашық есік» күнінің соңында сотталушылардың туған-туысқандары мекеме ғимаратын аралап, тамақтанатын, жатын орындарымен танысты.
Фариза ОМАРОВА