ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ҰЙЫСТЫРҒАН
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында сана күйбең тіршіліктен оқ бойы озық жүруі керектігіне мән беріп отыр. Президент рухани жаңғыруға тәрбиелеу біртұтас ұлт болудың өзегі екендігіне және бұл ұлы бастама «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» бағдарламалары арқылы нәр алғандығына баса назар аударған.
ХХІ ғасырда ұлттық саналық түп қазығы – ұлттық кодты сақтай біліп, кері тартатын әдеттен аулақтап, замана талабына сай озық дәстүрді тұғырнамаға айналдыруға Елбасының көрегендікпен шақыруы – еліміздегі ұлт пен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруіне, әрбір халықтың рухани дамуына кепілдік беріп отырғандығының белгісі. Тарихи Қазалы қаласының мерейтойын, аты аңызға айналған батыр-би, шешен-көсем, пір-абыз бабалардың қадір-қасиетін қастерлеп, ұрпақ санасына жеткізіп, дұрыс еге білсек, Ұлт көшбасшысының ел алдына қойып отырған міндетін орындағанымыз.
Мақалада Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тек табиғи байлығымен ғана емес, азаматтарының бәсекелестік қабілетіне сүйенетін өркениетті мемлекет болуы үшін Ұлттық прагматизмді қалыптастыру мен ұстану қажеттілігін айқындады. Бізге кейде жетіспейтін ұстамдылық, қанағатшылдық, үнемшілдік ХХІ ғасырда біздің санамыздан ойып тұрып орын алатындығын көрегендікпен болжап отыр.
Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық кодты, мәдениетті сақтау, яғни онсыз рухани жаңғыру алға баспайды, ал кейбір етекбасты ескі әдеттен арылу бәрімізге қажет.
Қазақ елі – намысты, тәуекелшіл өзгеріс пен жаңғыруға өте бейім. Тарихты жасайтын, қоғамды өзгертетін, рухани байытатын адамның қолы мен ақыл-ойы.
Рухани жаңғыру – Қазақ елінің жаңа келбетін көрсететін өнегелі бастама.
Болат ЖОЛТАЕВ,
тарихшы, жоғары санатты мұғалім,
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің
құрметті қызметкері