КИІКТЕРДІ ҚОРҒАУҒА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАЙДАЛАНУДА

Киіктердің аурудан жаппай қырылуын айтпағанда, браконьерлер де жануарлар популяциясының санына үлкен залал келтіреді. Себебі, олар көбіне аталық киіктерді атып алады. Бүгінде киіктерді қорғауда дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылуда. Мәселен, соңғы 7 жыл ішінде табиғатты қорғау ұйымдары спутниктік бақылау жүйесін кеңінен пайдаланып келеді. Осының арқасында, браконьерлік фактілердің саны екі есе қысқарды. Өткен жылы ҚР АШМ инспекторлары браконьерліктің 50 фактісін тіркеп, киіктердің 1419 мүйізін тәркіледі. Биылдың өзінде 6 факт тіркеліп, киіктің 122 ұшасы тәркіленді.
Киіктерді қорғауда аталған әдістің тиімділігін ескеріп, КҚК "Globalstar" және «Iridium» спутниктік жүйесі бар Sirtrack/Lotek үлгісіндегі таратқышпен қамтылған 30 бау сатып алмақшы. Киіктердің мойнына кигізілген баулар 2-2,5 жылдан кейін өзідігінен тарқатылып, түседі. Бірақ бауларды спутник арқылы тауып алып, одан соң қайта қолдануға болады. Сонымен қатар, Iridium Collar G5C 175E (Solar Assist – Sirtrack) бауы қуатты сәулелік панельден алады.
Айта кетейік, 2000 жылдан бастап, Каспий құбыр жүргізу консорциумы өзінің қайырымдылық қызметі аясында Атырау облысының дамуына 7,9 млрд теңге бөлген. Консорциум басшылығы биоалуантүрлілікті сақтауға, табиғатты қорғау шараларына демеушілік көрсетуге қашанда дайын.
Киіктерді ұстап, олардың мойындарына бау тағу жұмыстарын АСБК қоғамдық қоры жүргізеді. АСБК қоғамдық қоры - Қазақстанның Каспий теңізі маңындағы киік популяциясын өсіру және сақтау бойынша бірлескен бағдарламаның операторы. Аталмыш жоба екі жыл ішінде киіктердің көшу жолдарын анықтайды. Сонымен қатар, оларды бақылауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын жоспарлауға мүмкіндік береді. Оған қоса, алынған мәліметтер киіктердің барлық популяциялардағы ауруларын зерттеуге ықпал етеді деп күтілуде.
Киіктерді ұстау және оларға қамыт орнату 2017 жылдың қыркүйегінде жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылы Қазақстандағы киік саны 21 мың басқа әрең жететін. Бүгінгі таңда елімізде 123 млн. га аумақты мекендейтін 108 мыңнан аса киік бар.