ЖАСОТАНДЫҚТАР ЖАТАҚХАНАДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы «Жастар-Отанға!», «STOPҚылмыс» партиялық жобалары аясында «Қалың қалай студент?!» тақырыбында студенттік жатақханаларда жастардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қадағалау мақсатында кешенді іс-шаралар өткізді. Бұл туралы Жастар қанатының атқарушы хатшысы Е.Меңлібаев хабарлады.
Қызылорда облысы бойынша 25 953 студенттер бар. Оның ішінде жатақханада тұратын студенттердің саны 1 627-і құрайды. Қызылорда қаласында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 9 студенттік жатақхана жұмыс жасап тұр.
Алдын ала құрылған сарапшы топ құрамында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қызылорда қалалық ішкі істер департаменті, Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқын қорғау басқармасының мамандары жатақхананың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысты. Жылу маусымына дайындық жұмыстары, жеке гигеналық тазалықтың сақталмауы, материалды-техникалық базасы тозған жатақханалардағы кеткен кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Сала мамандарына, оқу орнының басшылығына жатақхана тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар ескеріліп, ақыл кеңестер беріліп, жатақханада қордаланған мәселелердің оңтайлы жолмен шешу керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, жасотанның белсенділері жатақхана тұрғындарына адамның жеке көшбасшылық қасиеттерін дамыту бағытында психологиялық семинар-тренингтер ұйымдастырды.
Фариза ОМАРОВА