«ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН» АШЫЛДЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан «Әлеуметтік дүкен» ашылды.
«Әлеуметтік дүкеннің» негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету, көмек қолын созу болып табылады.
Дүкеннің салтанатты ашылу шарасында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, «Жомарт» мейірімділік үйінің еріктілер жасағының жетекшісі Маия Наримова және жастар ұйымдарының еріктілері, белсенді жастар мен тұрғындар қатысты.
Шара аясында әлеуметтік шаштараз қызметі мен «Жастар денсаулық орталығы» КММ-нің мамандары тегін медециналық қызметтер көрсетті.