ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде әйелдер кеңесі өтті.
Шараның ашылуында кеңес төрайымы Ғалия Сейілова қиын қызметте жүрген әйелдер еңбегі жайлы айтты.
Өрт сөндіру қызметінің дәрігері, азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Нұржаубаева ерте сатыдағы онкологиялық аурудың тез және табысты емдеуді қазіргі заманғы диагностикалау әдістері туралы қысқаша хабарламса жасады.
Іс-шара барысында психологтан ақыл-кеңес алу жайы да айтылды. Психологтан саладағы әрбір мамандық өкілі кеңес алуға болады.
Кеңесте Наурыз мейрамын лайықты атап өту жайы да талқыға түсті. Мереке кезінде қызметте жүретін сала өкілдерінің Ұлыстың ұлын күнін жыл сайын 15 сәуірде атап өтуі дәстүрге айналған. Биыл да Ұлыс күні осы күні №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтеді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі