ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 14 КЕЛІДЕН АСА ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНГЕН

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек облыс көлемінде есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылған жедел-қызметтік шаралардың нәтижесінде осы жылдың 3 айында есірткіге байланысты 129 дерек анықталып отыр. Оның 32 қылмыс болса, 97 қылмыстық теріс қылықтар.
Тіркелген 32 қылмыстық істің 13-і есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, 17-і есірткі құралын сату, біреуі заңмен өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі құралдары бар өсімдіктерді егіп баптау және 1-есірткі құралдарын тұтыну үшін притон ұйымдастыру қылмыстары.
Сондай-ақ, тіркелген 97 қылмыстық теріс қылықтың 93-і ҚР ҚК-нің 296-бабының 1,2,3 бөліктерінде және 4-і ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтар.
Заңсыз айналымнан барлығы 14 келі 199 гр. есірткі заты тәркіленген.
Фариза ОМАРОВА