ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН МЕҢГЕРУДЕ
Қызылордада мемлекеттік қазына есебінен шенеуніктерге қазақ және ағылшын тілдері үйретілуде, деп хабарлайды Bnews.kz.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан мәлімдегендей, биыл өңірде мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға 18 млн теңгедей қаржы бөлінді. 4,5 млн теңгеден астам қаржы фестиваль, байқау және семинарлар секілді іс-шараларды ұйымдастыруға қарастырылса, қалғаны мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының жұмысшыларына тілдерді оқыту үшін жұмсалады.
Мысалға, қазақ тілін үйретуге 7,5 млн теңгеден астам қаражат қарастырылды, ал ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқытуға 3 миллонға жуық ақша бөлінді. Сонымен бірге аймақтың мемлекеттік органдарында іс қағаздарын жүргізу 100% мемлекеттік тілде өткізіледі.
Ал ағылшын тілін оқытуға 2,5 млн теңге бағытталған, орыс тілін дамытуға жыл басынан бері ешқандай қаржы бөлінбеді.
Естеріңізге салып өтсек, Жезқазғанға жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Ұлытау төрінде берген сұхбатында мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту және нығайту тақырыбын көтерген еді.