КӨЛІКТІ ЕСІРТКІ ШЕГІП ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Өз басқаруындағы автокөлікті «Арал-Шеп» тас жолы бойында есірткіге елтіп басқарған ол М-32 разъезді тұсында ұсталды.
Оның есірткі шеккені әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген.
Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасады деп танылып, 3 жылға көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі