3 ЖЫЛҒА КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Байқоңыр қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша қалалық сотта қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат автокөлігімен Байқоңыр қаласы, Максимова көшесінің бойында, алкогольді масаң күйінде автокөлік басқарған.
Сот қаулысымен қала тұрғынына Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.