ҚЫЗЫЛОРДАДА ПЕДАГОГТАР НЗМ БАЗАСЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін казақстандық білім беру жүйесіне тарату керек», - деген мемлекет басшысының бұл мақсаттары бүгінде еліміздің барлық НЗМ тарапынан кеңінен орындалуда.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өткен шеберлік-сыныптар және ашық сабақтар, Қызылорда облысы бойынша «Өрлеу» педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында үш деңгейлі бағдарлама бойынша білімін жетілдіріп жүрген жүзден астам пән мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін жоғарылатуға мүмкіндік алды.
НЗМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күн бойы аудандардан келген тыңдаушылар математика, биология, химия, тарих, қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша өткізілген ашық сабақтарға қатысты.
«Оқушылар өздерінің белсенділіктерін танытты. Әрбір тапсырманы қызығушылықпен орындағаны көрініп тұр. Топпен жұмыс әдісін үйреніп, өзін-өзі бағалауда жауапкершіліктерін көрсете білді. Әрине, мұның барлығы ізденімпаз мұғалімнің арқасында деп білеміз», - деді №6 мектеп мұғалімі Гүлзат Әбдікәрім.
Ең қызықты сабақтардың бірі – тарих пәнінің мұғалімі Надежда Кенбаеваның сабағы. Оқу әдісін проблемалық сұрақтан бастаған ол, соңғы үлгідегі оқыту әдістерін қолдана отырып, сыныппен мазмұнды жұмыс жүргізді. Оқушылар РАФТ стратегиясы бойынша берілген тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Жан-жақтылығымен ерекшеленген мұғалімдердің ішінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлнар Құлшаева да болды. Топпен жұмыс жасауға көп көңіл бөлген педагог оқушылардың жеке қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Диалогтік оқыту бойынша оқушылар тілдік білімдері мен пән бойынша грамматикаларын шыңдады.
Оқытудағы инновациялық әдістерді тарата отырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, орта білім беру жүйесінде жинақтаған сапалы біліммен қаруландырады. Өз кезегінде бұл мемлекеттегі білім беру және тәрбиелеудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Айта кетейік, тәжірибе тарату аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіби даму бағдарламалары дайындалып, оның аясында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арнап, онлайн-сабақтары мен семинарлар үнемі өткізіліп келеді.
Шынар БЕКБАН