МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ МЕЙІРІМДІЛІК ШАРАСЫ
Осыны негізге алған Арал аудандық прокуратурасының ұжымы Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралар шеңберінде қайырымдылық акциясын өткізді. Прокуратура қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына барып, меркемен құттықтап, азық-түлік таратты.
Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Р.Маханов прокуратура ұжымының бұл бастамасына ризашылық білдіріп, қайырымдылық шарасының шапағатын көрген отбасылар атынан алғысын білдірді.