«АТФ БАНК» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫ АЛҒАШҚЫ СТАРТ-АП ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ
Бірқатар екінші деңгейлі банктер «Даму» Қорымен бірлесіп, 2013 жылдан бастап бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға арналған бірегей несие құралын жүзеге асырып келеді. Қазақстандық старт-апперлер арасында «Даму Старт-ап», «ХалықБизнес Старт» және «Сбербанк StartUp» бағдарламалары аса танымал болып отыр. Аталған бағдарламалардың ерекшелігі - бастауыш кәсіпкерлерге кәсіпкерлікке тіркелген уақыты бір жылға толмаған жағдайда жылжымайтын мүлікті кепілдікке қоймай-ақ жаңа бизнес ашуға 20 млн.теңгеге дейін несие береді. Ағымдағы жылдың басынан бастауыш кәсіпкерлерді қолдайтын екінші деңгейлі банктер қатарына «АТФ Банк» АҚ қосылған болатын. Банктің Қызылордалық филиалы алғашқы старт-ап жобаны қаржыландырып, жеке кәсіпкер Гүлмира Өтегенованың бизнес ашуына мүмкіндік берді. Гүлмира несие қаражатына жолаушылар тасымалымен айналысуға қажетті көлік сатып алуды жоспарлап отыр. Жоба құнының 30%-на тең бастапқы қаржыны жинап, бизнес-леди бөлшек кепілдендіру бағдарламасын пайдаланып өз кәсібін ашуға шешім қабылдады. Даму Қоры банктің алдында жобаны несиелендіруге қажетті 70%-дық кепілдендіруді ұсынды. Осылайша, мемлекет қолдауы арқасында тағы да бір жаңа бастама жоба іске қосылып, өңір дамуына өз үлесін қосатын болды.
Жеке кәсіпкер Гүлмира Өтегенованың сөзінше, ол ұстаз мамандығы бойынша білім алған. Алайда соған қарамастан, мемлекет қолдауын пайдалана отырып, бизнес ашуға бел буды. Онымен қоса, кәсіпкердің несие пайызының жартысын, яғни 7%-ын банктің алдында мемлекет төлейді.
Жеке кәсіпкер Гүлмира Өтегенованың сөзінше, ол ұстаз мамандығы бойынша білім алған. Алайда соған қарамастан, мемлекет қолдауын пайдалана отырып, бизнес ашуға бел буды. Онымен қоса, кәсіпкердің несие пайызының жартысын, яғни 7%-ын банктің алдында мемлекет төлейді.