ҚАҚПА АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілгені белгілі. Соның бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасын енгізу болып табылады.
Жоба мақсаты түрмеден босатылған жанның қоғамға бейімделуіне көмек көрсеті. Әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмек көрсету.
Осыған орай 18 наурыз күні жаза мерзімі аяқталған К. А-ның туыстары шақырылып, мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен сотталғанды «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша шығарып салу рәсімі өткізілді. Оған тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекен-жайы көрсетілген жадынама берілді.