ЛЮДМИЛА ӘЖЕНІҢ БАТАСЫ
70 жастағы Людмила Байқадамова жастайынан қазақ тілінде бата оқығанды жақсы көреді екен. Ол ақсақалдар мен әжелерден естіген баталарын жинап жүріп, жақында сирек кездесетін баталар жинағын шығарған, - деп хабарлайды "Мой Город" порталына сілтеме жасаған tengrinews.kz.
Оның жинағында батаның барлық түрі бар. "Негізінде олар әзіл сипатта айтылады. Құрдас адамдар бір-біріне қалжың араластырып бата беріп жатады", - дейді Людмила әже. Людмила Байқадамова Совет одағының батыры Бауыржан Момышұлы берген батаны толығымен біледі екен. Зейнеткердің айтуынша, ер адамдар отырған жерде әйел адамның бата беруі дұрыс емес. Қазақ дәстүрін ұстанатын әже залдағы ер адамдардан рұқсат сұрап, бата беріпті.