ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті.
Аталмыш кеңеске Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев, қалалық мәслихаттың депутаты, қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Мақсұт Баекеев, Қызылорда кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова, «Сыр дидары» газетінің негізін салушы Ағыбай Орынбаев, Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бағдат Әбдіқадыров және тағы басқалар қатысты. Отырыс барысында алдымен аталмыш кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев кеңесті ашық деп жариялап, алғы сөз ретінде баяндама жасады. Ол сөз сөзінде: «Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушық¬пауы үшін оны тоқтатудың халық¬аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының мүшелері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен ұйымдастырылған түрлі қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысты.», -деді.
Одан соң күн тәртібіне сәйкес сөз кезегі І жарты жылдықтағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жөнінде баяндама жасау үшін департаменттің Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы өртке қарсы қызмет капитаны Руслан Малдыбаевқа берілді. Сонымен бірге, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Оразбек Жұмабеков те сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы үгіт-насихаттық жұмыстар туралы айтты. Мұнан соң ТЖД «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Бақытбек Оқасов сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында өткізген дөңгелек үстел мен лекциялар жөнінде есеп берді.
Соңында кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі атқарылған жұмыстарға шолу жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Іс-шара барысы жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТД» телеарналары арқылы көпшілікке таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД
баспасөз қызметі