ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ
2014 жылдың 21 қазанында Қызылорда облыстық сотында екі күндік «Азаматтық істер бойынша сот шешімін дайындау әдістемесі» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар басталды.
Қызылорда қаласында алғаш рет өтіп жатқан мұндай шараның негізгі ұйымдастырушысы Қазақстандағы Америка Заңгерлер Ассоцияциясы өкілділігі мен Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы.
Аталған ғылыми-практикалық семинарға арнайы келген Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы Серік Байбатыров, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Николай Мамонтов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Инесса Қуанова, және Қазақстандағы Америка Заңгерлер Ассоцияциясы өкілділігінің басшысы Шолпан Ташмухамбетова жас судьяларға тәлім-тәжірибе көрсетуде семинар жұмыстарына жетекшілік жасап, баяндамалар оқыды.
Ғылыми-практикалық семинарда сөз сөйлеген облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Адранов: «Аталмыш семинардың біздің облысымызда өткізілуі жас судьялардың қажырлы еңбек етуіне, біліктілігін арттыра түсуіне бағытталған жаңалық. Облысымызда 65 судья қызмет атқаруда. Олардың ішінде, семинарға қатысып отырған 22 жас судья бар. Бүгінгі жиын облысымыздағы барлық жас судьялар үшін, олардың тәжірибе жинақтап, сот төрелігін әділ жүргізу мақсатындағы әр қадамы үшін келелі басқосу болды» - деді.
Семинардың екінші бөлігі 22 қазанда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында жалғасты.
Жас судьялар тарапынан түрлі сауалдар қойылды. Олар баяндамашыларға аталған семинардың тәжірибеде зор көмек екендігін айтып өтті. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі