ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Достық үйінің концерт залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыстық ҚХА баспасөз қызметі.
Салтанатты кеште облыс әкімінің орынбасары барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, татар этномәдени бірлестігінің ақ жаулықты аналарын марапаттады.
– «Достық пен ағайындық байлықтан қымбат» демекші, көне тарих көрсетіп отырғандай, қазақ пен татарлар бір-бірімен 400 жылдан бері араласып келеді. Төзімділік пен сенім, ұлттық дәстүрді қастерлеу, мұның бәрі – бірлігіміз бен тірлігіміздің нығаюының кепілі. Көк туымыз желбіреген тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениеті келешекте жалғасын тапса, біздің халқымыздың қалтқысыз достығы мен туыстығы түбі бір тайпадан тарағанымыздың айғағы ретінде ғасырлардан ғасырларға жалғаса бермек,-деді Руслан Рүстемұлы. .
Айта кетейік, аталмыш шара татар этномәдени бірлестігінің негізін қалаушы Нағима Ахмадееваның туған күнімен қатар тойланды. Өткен жылы қаладағы №112 орта мектебіне Н.Абдулқызының аты берілген болатын.
Бірлестік тарапынан үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған аталмыш шарада 5-13 жасар балалар концерт қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шарада татар этномәдени бірлестігінің өкілдері облыс әкімі орынбасарының, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы басшысының, Дүниежүзілік татарлар конгресінің, Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілінің және Қазақстандағы татар және башқұрт қауымдастығының президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды.