ЖАНЫНАН ЖЫЛУ ТАРАТҚАН
Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурызға да санаулы ғана күн қалды. Осы жарқын мерекеде әркім жақынын құттықтауға асығады. Мен мейрам қарсаңында біздің ұжым үшін орны бөлек жан Жигманова Татьяна Александрқызы туралы жазуды жөн көрдім. Ол Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған елді мекенінде 1960 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Анасы - Майя Татьянаның небәрі 15 жасында дүниеден өтіпті. Алты жылдан кейін әкесі де о дүниелік болды. Осындай ауыртпашылыққа толы жастық шағына қарамастан, ол ешқашан мұңайып-жабықпады, еңбексүйгіш болып өсті. Ашық-жарқын және адал мінезді қыз болды. 1978 – 1985 жылдары КАЗ НИИ күріш мекемесінде лаборант болып қызмет етті. Ол жылдары Мәскеудегі жоғарғы оқу орнына түсу екінің бірінің қолынан келе бермейтін. 1983 жылы Татьяна екінің бірі қолы жетпейтін Мәскеу қаржы-экономикалық институтына сырттай оқуға түсті. Оны 1988 жылы жақсы бағамен тәмамдап, қаржы және несие маманы атанды. Осы жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі саласында еңбек етіп келеді. Азаматтық қорғаныс штабының бастығының көмекшісі ретінде бастаған еңбек жолы бүгінде ТЖД Мемлекеттік құпияларды қорғау тобының бас маманы қызметіне ұласты.
Татьяна Александрқызы тек қана қызметінде ғана жауапты маман емес, сондай-ақ отбасында да үлгілі ана. Екі ұлы бар. Татьяна 1993 жылы жары Вадимнен аяқ асты айрылып қалғанда да сынған жоқ. Жігерін қайрап, ұлдары Александр мен Вениаминді жеткізді.
«Үлкен келінімнің есімі – Әйгерім, ұлты қазақ. Кіші келінім - Роза марий ұлтынан. Сүйікті немерелерімнің аттары - Ксюша мен Даша. Біз қайын енеммен бірге бір үйде тұрамыз. Қайын енем – Маргарита Вениаминқызы 1930 жылы туылған, менің өмірімдегі ең басты құрмет тұтатын адамым. Қазір ол маған тіпті қайын енем емес қадірменді анам секілді»,- деп ағынан жарылды Татьяна Александрқызы.
Қазақ «Жақсының жақсылығын айт – нұры тассын» деп жатады. Біз де мереке қарсаңында қандай сынға да төтеп берген қайсар жан туралы аз-кем айта кетуді жөн көрдік. Жанынан жылу таратқан оның қызметтегі сәтті өрілген жолы қазіргі буын жастарға үлгі.

Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі