ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАЙЫ СӨЗ БОЛДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аймақтардағы этносаяси қатынастар: тәжірибелер мен тұрақтылықтың маңызы» атты семинар болып өтті, - деп хабарлайды университеттің баспасөз орталығы.
Жиын барысында Қазақстандағы этносаралық ынтымақ пен бірлік, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен этносаралық қатынастарды реттеудегі ролі, аймақтардағы этносаралық қатынастар мәселелері сөз болды. Қоғам қайраткері Қуаныш Төлебаев Ресейдің 5 облысымен шектесетін Батыс Қазақстан облысындағы этносаралық қатынастардың ерекшелігіне тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Н.Мыңжас Сыр өңірінде өмір сүріп жатқан этностардың қоныстану тарихына қатысты деректер келтіріп, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтаудың және оны жетілдірудің мән-маңызына тоқталды. Семинар соңында оқытушы-профессорлар мен студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алысты.
Фариза ОМАРОВА