ОН ЖЫЛҒА СОТТЫ БОЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы азаматты он жылға соттау жөнінде үкім кесті.
Орал қаласының тұрғыны өзінің танысы аса ірі мөлшерде есірткі сатып алу үшін 2016 жылдың 24 шілде күні Қызылорда қаласына келген.
Қалаға келіп, аса ірі мөлшерде, жалпы салмағы 13 394,50 грамм кептірілген марихуананы сатып алады. Оны автокөліктің жолаушылар отыратын артқы орындығына жасырып, Орал қаласына бет алған.
Алайда, оны жолай тексерген полиция қызметкерлері көлікте есірткі заты бар деген күдік бойынша оқиға орнына жедел-тергеу бөлімінің қызметкерлерін шақырып, артқы орындық аcтынан есірткі заты табылған.
Сотталушының сыбайласы Н. Да жазасыз қалған жоқ. Ол осы соттың 2016 жылдың 18 қарашадағы үкімімен мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимде өтеуге сотты болған. Ол кезде сотталушы К. Іздеуде жүрген еді.
13 ақпан 2017 жылғы сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.