НЗМ ЕКІ ТОБЫ БІРДЕЙ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Республикалық «AtamekenStartup» байқауының қорытындысы бойынша Қызылода қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіске жетіп, жүлделі 1-ші орынға 300 мың теңге, ал 3-ші орынға 100 мың теңге көлемінде сыйақы алды.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші ғимаратында өткен республикалық «Atameken Startup» байқауына қатысуға ниет білдірген жастар көп болды», - деп хабарлады НЗМ баспасөз хатшысы Елена Рыбина.
Қатысушыларды іріктеу кезеңі екі күнге жалғасты. Алғашқы күнде 90-ға жуық жоба тыңдалып, нәтижесінде 60 команда құрылған-ды. Екінші бөлімде қатысушылар бизнес-кеңесшілермен бірігіп жұмыс жасап, өз жобаларының қаржылық есептемелерін дайындады. Әрі қарай жас өрендер идеяларын қорғап, испровизациялық «Атамекен теңге» ақшасын жинақтады. Ең көп «қаражат» жинаған 15 команда ғана қорытынды кезеңге жолдама алып, өз тауарлары мен бизнес-жобаларын әділ-қазылардың назарына ұсыну мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен байқау қорытындысы бойынша НЗМ екі командасы жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарды иемденді. Бас жүлде 300 мың теңге көлемінде сыйақы 12 «Е» сынып оқушыларына бұйырды. Олар білім беру мекемелері жайында ақпарат беретін арнайы интернет сайт ашуды ұсынды.
«Біз–бітіруші түлек ретінде мамандық таңдау барысында көптеген проблемаларға тап болдық. Сол үшін талапкерлердің кәсіби біліктілігін арттыратын, бір жағынан сұранысы жоғары мамандық таңдауға кеңес беретін сайт ашуды жөн санадық», - дейді топ мүшесі Руслан Жавзмагин. Бұл жоба әділ-қазылар тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтындарын да жасырмады.
Күріш кебегінен ксилит өндіру идеясы да қомақты қаражатқа лайықты деп танылды. Шығындарды зерттей отырып Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары өз бизнесін бастауға барлығы 52 миллион теңге көлемінде қаражат керектігін айтуда. Жас ойлап тапқыштар ксилиттің қажеттілігін ескере отырып, барлық шығындарды бір жыл ішінде жабуға болатынына сенімді.
«Бүгінгі таңда ксилиттті медицина саласында да, тағам өнімдеріне қоспа ретінде де пайдаланады. Біздің аймақтың күріш өңдірудегі көрсеткіштерін ескерсек, біздің зауытымыздың үздіксіз жұмыс атқаратынына сенім мол. Біздің жобамыз болашақта ел экономикасын арттырып, ірі өндіріс орындарына бәсекелес бола алады», - дейді жүлдегер команданың мүшесі Тоғжан Жағыппар.
Айта кету керек, байқаудың негізгі мақсаты – инвестиция салу арқылы жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасап отырып, Қазақстанның болашақ бизнесмендерін тәрбиелеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша қорытынды кезеңге өткен 15 жобаның барлығы да болашақ іскерлі бизнеске айналуға толық мүмкіндік бар. «Бүгін айтылған идеялардың барлығы біздің назарымызда болады. Мең ойлаймын болашқата сіздерді бастамалырыңызды қолдаушылар көп болады», - деген Қызылорда облысы бойынша ҰКП директоры Дінмұхаммед Әбсаттаров,барлық қатысушы жастарға бизнес және экономика туралы кітаптарды тарту етті.
Негізінен «Atameken Startup» республикалық байқау Қазақстанның 20 қаласын аралап, 5 мыңға жуық жастардың басын қосты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастар арасында кәсіпкерлік және инновациялық белсенділікті арттыруға септігін тигізетініне сенімді.