«ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҒЫН АЛУ ҚИЫН» ДЕЙДІ ҚАНДАСТАР
Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылордада шет елден келген қандастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ашық есік күні өтті. Бұл туралы «Болашақ жастары» ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда Қазақстан азаматтығын алу түйткілді мәселеге айналып отыр. «Бірақ құжатты рәсімдеуге көп уақыт кетпейді» - дейді қалалық ІІБ-ның көші-қон полициясы бөлімінің бастығы, полиция майоры Досжан Матжанұлы. Осы сияқты мәселелер тиісті мекемелер мен атқарушы орган басшыларының назарына ұсынылады. Оң нәтижесін көретін күн де жақын.
Шара облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында жалғасты. Орталықтың мониторинг және ұйымдастыруды бақылау бөлімінің басшысы Мағауия Нұрмаханұлының айтуынша, мұнда 173 қызмет түрі көрсетіледі.
Айта кетейік, тәуелсіздіктен бері тағдыр талайымен төрткүл дүниеге тарыдай шашылған 300 мыңнан астам қазақ отбасы атажұртымен қауышты.