ЕЛІМІЗДЕ ТАСТАНДЫ СӘБИЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖӘШІК ПАЙДА БОЛАДЫ
2015 жылы елімізде баласынан бас тартқан аналарға арналған арнайы қораптар қолданысқа енуі мүмкін. Баласын жасырын түрде тастап кетуге арналған қораптар көкек аналарды жауапкершіліктен арылтады.
Бұл туралы "Радиоточкаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Балалар қорабы (бэби-бокс) арнайы жабдықталған медициналық мекемелерге қойылады. Осы орайда, балалар қорабына қалдырылған сәбидің денесінде ешқандай зақым немесе сызат болмауы тиіс. Егер қандай да бір сызат табылса, баланың анасын іздеу шаралары басталады.
Ал баланың ата-анасы табылмаған жағдайда оның әрі қарайғы өмірі мемлекеттің қарамағында болады. Яғни, тастанды сәби балалар үйіне жіберіледі немесе асырап алам деушілерге беріледі.
Соңғы кезде балаларын қалтаға салып, көшеге, қоқыс жәшігіне, дәретханаға тастап кететін аналар қатары көбейіп кетті. Кінәсіз сәбилерді бұлай тастап кеткеннен гөрі, балалар жәшігіне қалдырған әлдеқайда тиімді.
Балалар қорабын орнату да аз ақша тұрмайды. Шамамен, 6-15 мың АҚШ долларын қажет етеді. Әйтсе де, ата-анасына қажетсіз болып қалған балаларды көшеге тастағаннан гөрі, мемлекет қарамағына тапсырған әлдеқайда жақсы екені түсінікті.
Балалар жәшігі шамамен орта ғасырларда қолданысқа ене бастаған. 15 жыл бұрын бұл тәжірибе алдымен Еуропа елдерінде, кейін Оңтүстік Африка, Жапония, Үндістан, Канадада сұранысқа ие болды.