ӘЛЕМ МЕЙІРІМСІЗ ЕМЕС
Ішінде қыстық киімдері, кеңсе заттары мен тәтті тағамдары бар сөмкелер балаларға жол тартты деп хабарлайды Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығының баспасөз қызметі.
«Қызылорда еріктілері» тобының жетекшісі Ольга Чебакованың мәлімдеуінше №112 орта мектеп ұжымы қайырымдылық көмек сұраған.
- Республика бойынша «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Акция аясында біз аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсетудеміз. Балаларға қыстық аяқ киімдер мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін жеке кәсіпкерлер Тұрар Бодықов пен оның жары Жанна қаржылай көмектесті. Сондай-ақ, бір мекеме балаларды жаңа жылдық сыйлықтарымен қуантты.
№112 орта мектептің алеуметтік педагогы Гүлжазира Тәшенованың айтуынша мектепте 685 бала оқыса, ондағы 75 оқушы аз қамтылған отбасының балалары.
- Осы санатты балалардың бір бөлігі мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылып келеді. Қалған балаларға көмектесу үшін демеушілер табуға тырысамыз. Бақытымызға орай әлемде жақсы адамдар жоқ емес, олардың қашанда қиындықта жанымыздан табылатынына қуанамыз, - дейді Г.Тәшенова.