БАСШЫДАН БҰЙРЫҚ КЕЛСЕ...
Қызылордада мемлекеттік қызметшілердің ауылдарға бармай-ақ іссапар шығынын алғаны анықталды. Алайда облыстық тәртіптік кеңес басшының бұйрығын көрместен, оларды күтпеген «олжаға» қарық қылған есепшінің ісін тежеді.
Мәселе былай. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің есеп бөлімінің бас маманы Б.Ибішеваның Шиелі аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары А.Сәдуақас пен жетекші мамандар Ж.Әбен, С.Әбдіровтың әрқайсысының атына іссапар шығыны ретінде 9 мың теңгеден астам ақша аударған. Ал қаржы полицейлері олардың жақын маңдағы ауылдарға бармағанын анықтап отыр. Қызметкерлер бұйрықтың бұрынғы басқарма басшысы С.Ердәлиевтен түскенін айтады.
- Ол бізді шақырып алды да, «бармасаңдар да, ауыл әкімдерінің қолын қойдырып, мөр бастырып алыңдар» деді. Ақша банкоматқа айлықпен бірге түскесін оны сыйақы екен деп ойладым, - деді С.Әбдіров облыстық тәртіптік кеңес отырысында.
Қаржы полициясының бөлім басшысы Ж.Ахметов:
- Ауыл әкімдеріне қол қойдырған – Ердәлиев қана, ол содан ұсталып отыр. Сот үкімімен бір жылға бас бостандығы шектелді. Қалғандары бойынша айғақ болмаған соң қылмыстық іс қозғалған жоқ, - дейді.
Басқарма басшысының орынбасары А.Сәдуақас креслосымен қош айтысқан. Есеп бөлімінің бас маманы қос қызметкердің іссапар шығынын кері қайтарғанын мәлімдеді. Тәртіптік кеңес С.Әбдіров пен Ж.Әбенге қатаң сөгіс қолдануды ұсынды. Б.Ибішеваның бұған дейін де сөгіс алғанын ескеріп, одан әріге бармады.
Назерке САНИЯЗОВА