ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫН ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАУ БОЙЫНША ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ
Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні аясында 2016 жылғы 1-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Біздің қолымыздан келеді! Менің де қолымнан келеді!» ұранымен физикалық белсенділікті арттыру басымдылығымен онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтауға арналған онкүндік өтеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.
Онкүндік мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтау мәселелерінде тұрғындард танымын кеңейту, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақытылы өтудің қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру болып отыр.
Шара шеңберінде республиканың барлық өңірінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында онко-қырағылықты арттыру және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі. МСАК ұйымдары мен онкодиспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылып, бейінді мамандар шақырылады, оның ішінде салауатты өмір салтын қалыптастыру саласының мамандары, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер кеңес береді. Бейінді «Денсаулық мектептерінде» скринингтік тексеру кезінде қауіп-қатер факторы бар адамдар мен диспансерлік есепте тұратын ауруларды толық қамту арқылы өзін-өзі бақылау күнделігін қолдана отырып, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түзету мен бақылау бойынша дәрістер өтеді.
Онкологиялық аурулармен күресу – ҚР денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Отандық денсаулық сақтау ұйымдарында обырды диагностикалау және емдеуге қажетті барлық озық технологиялар бар. Әсіресе, ауру ерте кезеңде анықталған жағдайда науқас үшін обырдан толықтай айығып кетуге мүмкіндік бар.
Скринингтік медициналық тексерістер қатерлі ісіктің алдын алуда және ерте кезеңде анықтауда ең тиімді тәсіл болып табылады. 2015 жылы республикада онкологиялық скринингтер аясында ересек тұрғындардың мақсатты топтарына 1,6 млн-нан астам тексеру жүргізілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық обырға қарсы одақтың бастамасымен Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі.