МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРДІҢ ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРІ
Байқоңырлық кәсіпкер бірінші топ мүгедегі болғанымен, үш бірдей жұмысты қолға алып жүр. Айшолпан Қайдулова Инвотаксиде диспетчер болып жұмыс жасайды, үйден маникюр қызметін көрсетеді, сонымен қатар түрлі тағамдар пісіретін өзінің шағын бизнесін де дөңгелетіп отыр. Осыдан екі ай бұрын «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында қолдау алған Айшолпан,өзінің жетістіктерімен бөлісті.
Өмір бойы ауру-сырқаудан хабары болмаған 23-жастағы Айшолпан бір мезетте тағдар тәлкегіне ұшыраған. Осыдан үш жыл бұрын орын алған қайғылы жағдайдың кесірінен жас, әрі сұлу қыз мүгедек арбасына таңылды. Айшолпан Қызылорда медициналық колледжін бітіргенімен, өзі таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жасау бұйырмады. Оның сырт әлеммен байланысы үзіліп, дәрігер болам деген арманына да балта шабылды.
Айшолпан Қайдулова қимыл-қозғалысының шектелуіне қарамастан, өзін-өзі дамытып, алға ұмтылуы айналасындағыларды таң қалдырғаны сөзсіз. Өз бизнесін құру жолында бар қиындықтармен күресе білген Айшолпан мақсатына жаймендеп қадам басып келеді. Бүгінде ол үйден маникюр қызметіне тапсырыс алып, түрлі тәтті тағамдар пісіреді және инвотаксиде диспетчер жұмысын атқару секілді үш бірдей жұмыс жасауда.
- Жас кезімнен мүгедек арбасына таңылғанымды қабылдау маған қиынға соқты. Мүгедек атанған сәттегі ішкі күйзелісімді сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Ол уақытта арманыма жететін мүмкіндік жабылды деп те ойлағанмын. Бірақ өмір сүруді жалғастырып, барлығын қайта үйренуге тура келді, - дейді Айшолпан Қайдулова.
Әрине дені сау адамға қарағанда мүгедек арбасындағы азаматтарға өз идеясын жүзеге асыру әлдеқайда қиынға түседі және қолдауды қажет етеді.Айшолпанның барлық идеялары мен бастамаларын отбасы мен туғандары демеп, оған қамқорлық танытты.
- Мен түрлі тәтті тағамдар пісіруді ұнатамын, алайда студент кезімде сүйікті ісіммен айналысуға уақыт болмайтын, - дейді Айшолпан. Сондықтанда, мен өз бизнесімді ашамын деген сәтте, бірінші ойым үйден тәттілер мен тағамдар дайындау болды. Барлық шығындар мен тәуекелдерді есептеген соң, іске кірістім. Қосымша Инвотаксиге жұмысқа кіріп, маникюр бойынша курс оқыдым. Менің қызметімді пайдаланатын тұрақты клиенттерім жетерлік және маған сеніп, қолдау көрсеткен тұтынушыларыма алғысым шексіз.
Әрбір қиындықтың соңында бір мүмкіндік туады деген сөз бекер айтылмаған. Тағдардың қиын соққысына жолыққан нәзік,әрі жігерлі жан Айшолпан бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.
- Бір мезетте үлкен табысқа жеттім деп айта алмаймын, себебі күн сайын тәжірибе аздығынан әртүрлі кедергілерге кезігем. Бірақ арманға бастайтын жол жеңіл болмайды, табысқа жету үшін біздің ішкі күшімізді тежейтін теріс ойлар мен шектелмелі ұғымдардан арылуымыз қажет. Айналамдағы адамдардың қолдауын үнемі сезініп жүремін. Маған үлкен қолдау көрсеткен адамдардың бірі табысты кәсіпкер Айнұр Бермағанбетова. Ол маған бизнесіме қажетті құрал-жабдықтар алуға жәрдемдесті. Мені сол кәсіпкермен «Даму» Қорының өкілдері несие алу жөнінде кеңеске барғанымда таныстырды. Кәсібіме шағын несие алсам деген ойым болды, алайда «Даму» Қорының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму-Көмек» бғдарламасына өтініш беруді ұсынды. Бір айдан соң маған көмек беруге келіскен демеушінің табылғанын хабарлады. «Даму» Қоры мен Айнұр Бермағанбетоваға берген көмектері үшін алғыс айтамын. Ендігі жоспарым «Жұлдыздарға қара» байқауына қатысып, бизнесімді дамыту жобасына грант ұтып алсам деймін.
Айшолпан жеткен жетістіктермен тоқтап қалмақ емес — оның басты жоспары бизнесін кеңейтіп, мүгедектерге жұмыс орындарын ашу болып табылады. Өз тарапымыздан еңбекқор әрі жігерлі бойжеткенге үлкен табыстар мен сәттілік тілейміз.