ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылғы 1 ақпанда сағат 15.00-де облыс аумағында құлақтандыру жүйесінің техникалық мүмкіндіктерін тексеру мақсатында С-40 маркалы электросиреналардың қосылатындығын хабарлайды. Осы күні сағат 10.00-де телерадио каналдарын үзу арқылы «Баршаңыздың назарына» бірыңғай сигналы беріледі. Осыған байланысты департамент мамандары тыныштықты сақтап, абыржу мен қаңқу сөзге ермеуге шақырады.