БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН АШАТЫН «АҚ ЖЕЛКЕН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстағы туберкулезбен аурушаңдық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, тиісті тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырма барысында бүгін «Балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясында» балалардың қабілетін ашатын «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы ашылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда қаласындағы 100 орындық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы сауықтыру орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі өкпе туберкулезінің активті-бәсеңдеген түрлерін емдеуге және оқшаулау, сауықтыру, бақылау профилактикалық ем алуға арналған. Сауықтыру орталығында физиотерапевтік, стоматологиялық, емдік дене шынықтыру, рентгенологиялық, клинико-биохимиялық лабораториялық қызметтері көрсетіледі.
Балалар 5 мезгіл тамақтанып, 1 балаға 450 теңге жұмсалып, тағамның құнарлығы балаларға – 3300 ккал және жасөспірімдерге 4450 ккал құрайды.
Ашылған жылдан бастап балалар еммен бірге тәрбиеленіп, білім алуда. Қазіргі таңда 27 мұғалім дәріс беріп, 14 тәрбиеші қызмет атқарады. Санатория мектебінде мектеп алды даярлық тобымен қоса 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін орта есеппен жылына 300-ден аса оқушы емделіп, білім алуда.
Сонымен қатар «Қуыршақ» театры кіші топ балаларының әдеби көркем сөз байлығымен ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Осыған орай жаңа заманауи талабына сай жабдықталған «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы ашылды.
Шынар БЕКБАН