ҮЗДІК СОТ ШЕШІМІ
Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асыратын тетіктерді жетілдіру, іске қосу бағытында соңғы жылдары жақсы бастамалар қолға алынуда.
Солардың бірі ретінде, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы соттарының арасында «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот актісі» байқауы өткізілді.
Байқау қорытындысына сәйкес, «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот шешімі» номинациясында Арал аудандық сотының судьясы Кентбаев Дархан Несіпбайұлының қабылдаған сот шешімі үздік деп танылып, облыстық сот төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, судья Кентбаев Дархан Несіпбайұлы 2013 жылдың қорытындысы бойынша да, кәсібилігімен және белсенділігімен ерекшеленіп, сот әділдігін жүзеге асыру барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғыс хатпен марапатталған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі