БАЙҚОҢЫР СОТЫ БЕКСҰЛТАНДЫ МАРАПАТТАДЫ
Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотты болған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.
Сотталушы масаң күйінде танысының үйіне келіп, тонауға кіріседі. Осы сәтте ұйқысынан оянған үй иесі А.Сейталиева ұрыны танып қойып, әрекетін тоқтатуды талап еткен.
Бірақ ол талапқа көнбеген ұры жәбірленуші А.Сейталиеваны ұрып-соғуға кіріседі. Оның бұл әрекетіне 2003 жылы туған Б.Сейталиев тосқауыл болады. Сотталушы оқиға болған жерден жасырынып үлгерген.
Жасөспірім Бексұлтан Сейталиев Байқоңыр қалалық сотының 13 қаңтардағы 2017 жылғы №11 бұйрығымен бірнеше рет сотты болған қауіпті қылмыскерге қарсылық көрсетіп, батылдық танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталса, оның анасы Гаухар Сейталиева ұлын ел азаматы етіп тәрбие бергені үшін алғыс хатпен марапатталды. Бексұлтанға заттай сыйлықтар табыс етілді.