ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Қызылордадағы түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқандарды да ақылы еңбекке тарту жөнінде кешенді іс-шаралар жасалған. Оларды жұмыспен қамту мақсатында түзеу мекемелері жанынан әртүрлі өнімдер мен тауарлар шығаратын өндіріс орындарын ашып, іске қосылуда.
ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында орналасқан ғимараттарда 4 жұмыс орны жұмыс жасайды. «Нұр Мад» ЖШС-де қол өнер бұйымдарын жасайтын цех ашылып, 12 адам жұмыспен қамтылып отыр. 24 жазасын өтеушіні жұмыспен қамтып отырған «АсКА» ЖШС тігін және қол өнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Тігін цехында 16 адам жұмысқа орналасып, арнайы жұмыс киімдерін тігуде. «Сымбат-7» ЖШС-мен дәнекерлеу цехында 19 жазасын өтеуші темірден жасалған қақпалар шығарады. Жазасын өтеушілерді ең көп жұмыспен қамтып отырған «Еңбек» РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы. Онда 68 адам жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ЗК-169/5 түзету мекемесінің шаруашылық жұмыстарына 63 жазасын өтеуші ақылы еңбекке тартылған.
- ЗК-169/5 түзету мекемесінде ашылып жатқан жұмыс орындары жазасын өтеушілерді ақылы жұмыспен қамтуда. Әр адам өзінің қолынан келетін жұмысымен айналысып, уақыттарын өткізеді. Жұмысымызға қарай айлық та төленіп тұрады. Ол ақшаға дүкеннен өзімізге қажетті заттарды алдыртамыз. Айлықтарын отбасының есепшотына аударып, бала-шағасына көмектесіп жүргендер де бар. Бұл жұмыс орындарына келмес бұрын бізді әркімнің қабілетіне қарай 3 айлық арнайы курстарда оқытады. Ол оқу орнында дәнекерлеуші, ағаш өңдеуші, аспазшы, тігінші мамандықтары бар, - дейді мекемеде жазасын өтеп жатқан Зафар Абдулхатов.
Енді темір тордың аржағында отырған жандар да уақыттарын бос өткізбей, сүйікті ісімен айналысып, еңбекақы алатын болады. Олар барлық жұмыстарын кәсіпкерлердің тапсырысы негізінде атқарады екен. Тапсырыстар саны мен жұмыс көлемінің көбеюі себепті алдағы уақытта мұнда жұмыс орындарын ашу мен жұмысқа тартылатындардың қатарын арттыру жоспарлануда.
Түрмеде отырғанымен ағаш пен темірден түйін түйетін ісмерлер жазасын өтеушілер ара¬сында жетерлік. Мұны облыс орталығындағы ЗК-16/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің қолынан шық¬қан түрлі бұйымдардан байқауға болады. Жаза басқан жандар¬дың қолынан шыққан тұрмыстық бұйымдар көз жауын алады.
- Еліміздегі құқықтық реформаны жетілдіру мақсатындағы шаралардың бірі түрмелердің санын азайту, жазасын өтеушілерді еңбекпен қамтып, қоғамға тарту. Осы мақсатта тузету мекемесіндегі ақылы еңбекпен қамтылып жатқан жазасын өтеушілер үнемі прокуратураның назарында. Біз үнемі мекеменің санитарлық-тұрмыстық жағдайларымен танысып, олардың құқықтарының қорғалуын бақылауда ұстаймыз, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Дарын Әбіш.
Фариза ОМАРОВА