ОРАЛМАНДАРДЫҢ БАСПАНА, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оралмандардың қоғамға қалыптасуына ықпал жасау мақсатында семинар өтті.
Семинарды бірлестіктің төрағасы ашып, оралмандар жайлы мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар және облыста көрсетіліп жатқан әлеуметтік атаулы көмектер туралы тоқталып өтті.
Семинар еркін ашық түрде өтті. Көтерілген мәселеге байланысты өзіндік пікірлері мен ойларын жеткізген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жеңіс Алматұлы оралмандардың жұмыспен қамтылу деңгейі, қандастардың бейімделуіне ықпал жасалатынын атап өтті.
Семинар барысында оралмандар тарапынан баспана, жұмыссыздық және азаматтық алу мәселелері жайында тиісті сала мамандарына сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды.
Шынар БЕКБАН