КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ КӨШІРГЕН
Сотталушы авторлық құқықтардың объектілері болып табылатын туындыларды контрафактілік даналарын заңсыз жеке компьютерге орнатып алғаны үшін айыпты деп танылды.
Шиелі аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан кейін сотталушы коммерциялық бағдарламаларды тарату арқылы пайда табу үшін жеке адамдарға заңсыз сатқан. Сөйтіп кінәлі азамат Заң талаптарын өрескел бұзып, осы коммерциялық бағдарламалардың авторлық құқық егесі «1С» АҚБ-ның ҚР өкілі «ИнфоСофтПром» ЖШС-мен қандай да бір келісімге немесе шарттық қатынастарға отырмай, көрсетілген бірлестіктің авторлық құқықтарын заңсыз пайдаланған.
Нәтижесінде сотталушы азамат серіктестікке 578 400 теңге залал келтірген. Алайда сот сотталушының жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартты. Қаулы заңды күшіне енбеген.
Шынар БЕКБАН