«АБАЙ МҰРАЛАРЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСТІНДЕ»
Егеменді ел мүддесі тұрғысына сай жаңа адамды қалыптастыруға жалпы бастау болар тәрбиенің көзі Абайдан табылады. Абайдың тұлға қалыптастыруға қатысты айтқан сөздері – бүгінгіге де, болашаққа да бағдарлама. Абай ғибратын жастардың бойына сіңіру, оның шығармаларындағы мазмұнды өскелең ұрпақтың өміріне азық етерлік деңгейге көтеру – өзекті мәселе.
Қызылорда облыстық ассамблеяның ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 8 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контекстінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Абайды тану, оның мұраларын насихаттау төңірегіндегі келелі ойларымен бөлісуге филология ғылымдарының докторы, профессор, М.О.Әуезовтің шәкірті Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері Күзенбаев Қайыржан Қизатұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Оразалиев Сейдуәлі Оразалыұлы, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері және жоғарғы оқу орындарынан келген ғалымдар мен мектеп мұғалімдері, мемлекеттік құрылымдар, белгілі ұлт зиялылары қатысты.
Модератор өз сөзінде «Абай – қазақтың төлқұжаты. Ол – рухани деңгейіміздің барометрі. Ол – ел парасатының әрі рәмізі, әрі бақылаушысы. Бұл ғылыми жиынның ортаға салар ойы көп, өрісі кең, толғауы терең, бүгінгі жас ұрпаққа берері мол болады деп үміттенеміз» - деп конференцияны ашып берді.
«Абай энциклопедиясын қайта жазу керек. Себебі ол ескі көзқараспен жазылған. Абайда «жан тану» және «толық адам» ілімі бар. Бұл соңғы кезде ашылған. «Жан тану» ілімін ашпайынша біз Абайдан құтыла алмаймыз. «Толық адам» ілімін шешпейінше біз Еуропаның алдына түсе алмаймыз. Еуропа қазір теріс жолға кеткендіктен мінез-құлқы өзгеріп отыр. Біз үшін Еуропадан алатын рухани ештеңе жоқ. Ал бізде Абай ілімі бар», - деді жиында филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы.
Сонымен қатар, Абайтанушы ғалымдар баяндама жасап, Абай мұраларын зерттеу нысаны жан-жақты талқыланды. Қатысушылардың барлығы дерлік Ұлы Абай қазақ халқының данышпан ақын, жазу әдебиеті мен әдеби қазақ тілінің негізін салушы ғана емес, революцияға дейінгі кезеңдегі казақ мәдениеті тарихындағы ең ірі тұлға деп сөз түйіндеді.
Одан әрі, М.Мырзахметұлы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде студенттермен кездесті. Іс-шарада халқымыздың еш уақытта маңызын жоймайтын аса құнды рухани мұрасы болып табылатын ұлы Абай шығармашылығын жаңаша пайымдап, ғылым мен қоғамдық сананың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан зерделеу мәселесі жан-жақты сөз болды.