ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР 18 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы бастамасы бойынша Ұлттық жоспарға гендерлік теңдік стратегиясы енгізіліп, 1998 жылдың 29 шілдесінде «Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы» ұлттық комиссия құрылды. Ал 1999 жылдың 19 ақпанындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен республика көлемінде нәзікжандылардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірдегі белсенділігі мен қоғамдағы рөлін арттыру және олардың азаматтық құқығын, мүдделерін қорғау мақсатында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы» құрылып, олар 18 жыл көлемінде жемісті қызмет етіп келеді.
Осы бағыттағы жұмыстарды саралаған Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша ішкі істер органдарына шағымданып келген әрбір жәбір көруші қыз-келіншектердің, аналардың арыздары назардан тыс қалған емес. Шағым бойынша тиісті тексеру-анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заңды шешімдер қабылдануда. Мәселен, 2016 жылы әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстық әрекеттер өткен жылмен салыстырғанда 18,0 пайызға төмендеген.
Алайда, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мектептерде, мекемелерде, ұжымдарда психологтар, медицина және мешіт қызметкерлерімен бірлесіп суицидті болдырмау және оның алдын алу жолдары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, проблеманың шешілу жолдары талқыға салынып, лекциялар оқылуда.
Сонымен қатар, көмекке мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмектесіп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтары жұмыс істеуде.