ЖАСТАР ЕРКІН ФОРМАТТА БАС ҚОСТЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің және БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының ұйымдастыруымен жастар ресурстық орталығы басшыларына арналған семинар-тренинг өтті. Тренингке республикалық «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы мен кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері қатысты.
Бес күнге созылған шараны тәжірибелі тренер Алекс Фэрроу өткізіп, көшбасшы және басқару стильдері, жастар орталығындағы директордың рөлі, мінсіз команда құру және команданы жігерлендіру секілді тақырыптар аясында жастар пікірлерін тыңдап, тапсырмалар арқылы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануға ықпал етті.
Еркін форматта өткен тренингте белгілі бір жағдайды немесе ситуацияны мысалға ала отырып, шешілуі мен шешім қабылдау, топтық жұмыс бағытындағы тәжірибелер қолданылды.
Семинар-тренинг наурыз айында жалғасын тауып, жастар ресурстық орталығының барлық қызметкерлері қамтылып, біліктілігін жетілдіретін болады.