РАҚЫМШЫЛЫҚ АКТІСІ ҚОЛДАНЫЛЫП, ЖАЗАДАН БОСАТЫЛДЫ
2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.
Шиелі аудандық сотына ҚР ҚАЖ комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті ЗК-169/4 мемлекеттік мекемесі ұсыныспен жүгініп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген онша ауыр емес қылмысты жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотының үкімімен бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Н-ны Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде жазадан босатуды сұраған.
Сот ұсынысты сот отырысында қарап, сотталушыны ҚР ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігінің және Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде сот үкімімен тағайындалған жазадан босатты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі
Сот ұсынысты сот отырысында қарап, сотталушыны ҚР ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігінің және Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде сот үкімімен тағайындалған жазадан босатты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі