ЗЕЙНЕТКЕР СОТ ТӨРАҒАСЫНА АЛҒЫСЫН ЖОЛДАҒАН
Қызылорда облыстық соты поштасына Алматы қаласы, Алатау ауданының тұрғыны зейнеткер Мағауия Нұрымбетовтен алғыс хат келіп түсті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Хат иесі М.Нұрымбетов алғыс хатын «Арал аудандық сотының төрағасы Ермек Тұрбаевқа ризашылығымды білдіру үшін жазып отырмын», - деп бастаған. М.Нұрымбетовтің зейнеткерлік жасқа толған кезде, бұрынғы Арал ауданында Автобаза мекемесінде жұмыс істеген жылдары еңбек өтіліне қосылмай қалған екен. Осыған байланысты Арал аудандық сотына жүгініп, мәселесінің оң шешімін тапқан. Зейнеткер «Ермек балама қызметіне абырой, зор денсаулық тілей отырып, биіктен көріне беруіне шын жүректен тілегімді білдіремін» - деп хатын түйіндеген.