ЖАҚСЫЛЫҚ БАР ЖЕРДЕ ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ
«Екінші тыныс» егде және зейнет жасындағы белсенді адамдарға арналған әлеуметтік орталығы» қоғамдық қоры тағы бір игі іске мұрындық болды. «Ахметова» ЖК, «Абзал және К» секілді демеуші компаниялар көмегі арқасында қор «Қайырым» атты шара өткізді,- деп хабарлайды Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының баспасөз қызметі.
Акция аясында қоғамдық қор әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен жағдайы төмен отбасылар мүшелері үшін түстік ас ұйымдастырды. Аймақ тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін түрлі шаралар ұйымдастырып жүрген қоғамдық қор басшысы Сапура Сәрсенбаева Жаңа жыл алдында әлеуметтік қызметкерлермен бірге жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектердің үйлерін аралаған еді. Сол шара кезінде қор қолдауын сезінген облыстық театрдың бұрынғы артисі, бірінші топ мүгедегі Бағымкүл Махамбетова жарым көңіл жандардың мұңын сейілтуге сеп болып жүрген «Екінші тыныс» өкілдеріне алғысын айтады.
- «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» деген бар. Бізді ұмытпай жағдайымызды біліп, қайырымнан қағажу қалдырмаған қор жұмысының жемісті болуын тілеймін,-дейді ол.
- «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» деген бар. Бізді ұмытпай жағдайымызды біліп, қайырымнан қағажу қалдырмаған қор жұмысының жемісті болуын тілеймін,-дейді ол.