МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КИІМДЕР ӨНДІРІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мен ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедек балалар үшін арнайы киім мен аяқ киім өндіруді ұйымдастыру шараларын қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады mzsr.gov.kz.
Мүгедектерге арналған киімдерді тігу мен аяқ киімді шығару барысында олардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескерілетін болады.
Қазақстанда бүгінгі таңда мүгедек азаматтар үшін киім тігетін өндіріс орындары жоқ. Сондықтан да аталған жоба өзекті болып отыр.
Шара аясында мүгедектігі бар азаматтардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылған және дайындалған «Adaptive Clothing and Shoes» атты киім мен аяқ киім топтамасының көрсетілімі өтті.