ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛАСЫНДАҒЫЛАР ТРЕНИНГТЕН ӨТТІ
Жақында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлеріне «Өмір мәні» атты тренинг өткізілді. Тренинг аясында қызметкерлердің жалпы және жеке мәселелерін анықтауға, оның ерекшеліктерін түсінуге, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға тәрбиелеп, «Ұжымдық психологиялық тұрақтылықты сақтау және келіспеушілікті болдырмау» тақырыбында лекция оқылды. Тренинг барысында қызметкерлер өмір құндылықтары жайында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Әр қызметкер өзі жайлы тарқата айтып, жетістіктерімен бөлісті. Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің кадр жұмысы бөлімінің бас маман-психологы Арайлым Тілеуқабылова өмірдегі қандай қиындық болса да мойынұсынбай жеңе білу қажеттігін, әр қиындықтың артында бір жақсылық болатындығын тілге тиек етті. Тренинг қатысушылары ұжзымдағы психологиялық климатты бағалау сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті