2014 ЖЫЛЫ 745 НЫСАН МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛДЫ
2014 жылы 745 нысан мүгедектерге ыңғайластырылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті мен «Нұр Отан» пракциясы жанынан құрылған әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2012 жылдан бері нысандардың қолжетімділік жағдайын бағалау (паспортизация) жұмыстары басталды. Жалпы алғанда, әлеуметтік инфрақұрылымның 55 мың нысанының қолжетімділігіне паспорт құру қажет. 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, шамамен 24 мың (23 495) нысанға түгендеу жүргізілді. Оның ішінде 18,5 мың нысан «бейімдеуді қажет етеді» деп танылды», - деп мәлім етті Светлана Жақыпова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен кедергісіз орта қалыптастыру бойынша бекітілген аймақтық жоспарлар аясында, ағымдағы жылы 2 135 нысан, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 697 нысан, жергілікті бюджет есебінен 1438 нысан мүгедектерге ыңғайластырылды.
«Облыстар ұсынған ыңғайластыру бойынша жоспарлар талдауы көрсетіп отырғандай, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ету үшін ғимараттарды жабдықтау және қайта жөндеу мәселесі Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында белсенді жүргізілуде. Ал Атырау облысы мен Алматы қаласы бейімдеу жұмыстарына әлі кіріспеген. Осы жылдың 9 айында бейімдеу бойынша 745 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деп атап өтті Жақыпова.