МҰНАЙШЫЛАР НЗМ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Кәсіби бағдар беру» курсы аясында НЗМ оқушылары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдерімен кездесіп, мұнайшы мамандығымен етене танысты. Бұл туралы мектептің баспасө хатшысы Елена Рыбина хабарлады.
Мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өңіріміздегі ірі мұнай компаниясы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Мазмұнды баяндама жасаған технологиялық бөлімінің басшысы Бақыткүл Есіркепова мұнай және газ саласындағы қажетті мамандықтар туралы ақпар берді.
«Болашақ мамандық таңдау кезінде еңбек нарығында қажетті жұмыс орындарына көңіл бөлген жөн. Инженер бола тұра Сіздер мұнай компаниясында ғана емес, басқа да салаларда жұмыс істей алатын боласыздар. Тек өз ісінің маманы болу шарт, ол үшін көп еңбектену, оқу керек», - деді оқушылармен әңгімелесу барысында Бақытгүл Жеңісханқызы.
Қазақтың қара алтыны аталған мұнай бүгінде Қызылорда облысының экономикасын арттыратын негізгі шикізат болып табылады. Оқушылар өңірде сұранысы жоғары мамандықтармен жан-жақты танысып, мұнайдың фракциялық құрамын зерттеп көрді. Қонақтың әкелген мұнай өнімдері химия сабағында қажетті әдістемелік құрал ретінде көп көмегін тигізетін болады.
«Алдымен, біз, сіздерді медицина, электроэнергетика және басқада саланың мамандарымен кездестіріп, сіздердің қызығушылықтарыңызды байқаймыз. Содан соң өндірістік орындарға саяхат жасап, таңдаған мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат алуға мүмкіндік береміз», - дейді мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева.
Аймақтың өндірістік дамуына қызыққан оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдады. Оқушылар арасында әсіресе, мұнай және газ мамандықтары бойынша сапалы білім алуға болатын оқу орындары жайында, сонымен қатар мұнайшы мамандығының адам денсаулығына әсері жөнінде сауалдар көп болды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектебінен алғаш рет 101 бала түлеп ұшқалы тұр. Күнделікті психологтар кәсіби бағдар беру инспекторымен бірігіп, әр баланың қызығушылығы мен қабілеттерін байқап, дұрыс мамандық таңдауға жәрдемдеседі.
Шынар БЕКБАН