КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ 9 АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ағымдағы жылдың 9 айында мемлекет бюджетіне 8 млрд. 618 млн. 505 мың теңге кеден баждары мен салықтарын түсірді, делінген Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен әкету кеден бажы құрайды. Экспортталған тауарлардың басым үлесін мұнай және мұнай газдары құрайды, екінші орында сыртқа жөнелтілетін - табиғи уран концентраттары тұр.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 849 млн. 224 мың АҚШ долларына тең, өткен 2013 жылдың 9 айымен салыстырғанда импорттың 43, ал экспорт көлемінің 22 пайызға төмендегенін көрсетеді.
Сонымен қатар, кеденшілер экономикалық қылмыстарға қатысты 2014 жылдың 9 айында барлығы 15 қылмыстық іс қозғады. Кеден одағының кедендiк шекарасынан тауарларды кеден бақылауынан тыс немесе одан жасырын өткізілген 9 құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ кеден бажын және төлемдерiн төлеуден жалтару, жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе тауарды өткізуге пайдалану фактілері барлығы 6 қылмыстық істің негізін құрайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін департамент әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 99 іс қозғап, 3 млн. 093 мың теңге айыппұл салып, 63,2 пайызын өндірді.
Тексеруге алынған тұлғалардың жиі жол беретін заңбұзушылықтары, негізінен, мына бағыттарды қамтиды: тауарды тауар номенклатурасына сәйкес сыныптамау, тауардың кедендік құнын төмендету, тауарлар мен көлік құралдарын декларацияламай өткізу.
Фариза ОМАРОВА