КАТАЛОНИЯДАҒЫ КӨРКЕМ ҚЫЗ
Бүгінгі сөз Испанияда тұратын қызылордалық Гүлжан Нақыпова жайлы. Жырақта жүрген жерлесіміздің өмірі алдына мақсат қойған адамның тынбай еңбектену арқасында дегеніне жетерін дәлелдейді, www.yvision.kz сайтына жарияланған «Қызылорда-Алматы-Барселона. Менің табысымның сыры» атты мақала авторы облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Әлия Мұсаева.
«Қызылорда-Алматы-Барселона. Менің табысымның сыры»
Гүлжан Қызылорда қаласында өмірге келді. Мектепті бітірісімен Алматыдағы Қазақ-Америка университетінің студенті атанды. Оқи жүріп «Sony» корпорациясында жұмыс істеген оның көз алдына Каталония елінің көркем көрінісі жиі елестейтін. Кішкентайынан теледидардан Испанияның фильмдерін көруді ұнататын ол қалайда арманына қол жеткізуді алдына мақсат етіп қойды.
Осы оймен Барселонаға оқуға аттанады. Ол елде университетпен әріптестік орнататын агенттік тауып, испан тілін меңгере бастайды. Мың ан турист сәт сайын ағылып келіп жатқан қалада Гүлжанның таңдауы маркетинг мамандығы болды
«Мұнда алғашқы жылдары кереметтей сезімде жүрдім. Бұл елге келуіме Алматыдағы қарбалас тірлік себеп болған шығар. Алматыда сабақтан соң жұмысқа барып, жұмыстан соң құрбымыз екеуміз өзіміз ашқан «Хозяюшки» дүкеніне соғамыз. Әрине, онда да өмір қайнап жататын. Бірақ, күніге қайталана беретін бірсарынды тірліктен шаршағанымды сездім. Ақыры, дүкенді құрбыма тапсырып, өзім оқу аяқтаған соң Испанияға аттандым. Мыңнан бірдің ғана қолы жететін «Sony» корпорациясымен де келісім шартты үздім. Менің бұл қылығыма қарап бас шайқағандар көп болды. Бірақ мен арманымды алдағым келмеді», – дейді Гүлжан.
Испаниялық танысы Гүлжанға университеттің бірімен әріптестік орната отырып жұмыс істеуді ұсынады. Осыны жөн көрген ол «Туризм мен қонақ үй ісі» мамандығын қатар алып шықты.
Жаңа орта, бейтаныс Барселона Гүлжанды өзіне үйіріп әкетті. Алғашқы жылы-ақ туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын компанияда тәжірибеден өтті. «Маған ол жұмыс өте ұнады. Мен жұмыс істеген топ Хорватия туризмін зерттейтін. Штаттағы қызметкер орындайтын барлық техникалық жұмысты бітіріп бердім. Тұрақты жұмысқа қабылдануыма толық мүмкіндік болды»,–деп еске алады Гүлжан.
Бірақ оның көздегені өз ісін ашу еді. Сөйтіп, өзгелер армандайтын қызметінен өз еркімен кетіп қалады.
Көп ұзамай бизнес жоспар құрып, бар күшін соны іске асыруға жұмсайды. Бизнесі бойынша өзге елден Еуропа мен Канадаға оқуға түсушілермен жұмыс істейді.
Бастапқыда ол әлеуметтік желі арқылы клиенттерімен онлайн кездесулер өткізіп жүреді. Оның Education Best атты компаниясы уақыт өте келе таныла бастайды. Оған сұраныс та арта бастайды. Оның иелігіндегі компания шетелде оқуды ғана емес, сонымен қатар халықаралық іс-тәжірибеден өтуге көмектеседі.
...Кез келген істе қиыншылық болады. Қателігіңнен сабақ алсаң ұтылмайсың. Дегеніңе жету үшін бірнеше рет талпынып көру керек. Сонда ғана арманға қол жеткізесің!
Бұл – Каталония еліндегі көркем қыз Гүлжанның ұстанымы.