ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік» күні өтті.
Бірнеше қала тұрғындары жергілікті газеттерден аталған шара өткізілетіндігі туралы хабарламаны көріп, сотқа көкейдегі сауалдарына жауап алу үшін келді.
Аталмыш сотта келген азаматтарды Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев пен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.М.Қалымбет қабылдады.
Олар қойылған сұрақтарға заңдарға сүйеніп отырып, толыққанды жауап берді. Айтылған мәселелердің қаралуы қай органдардың құзыретіне жататындығын көрсетті.
Одан басқа, «Ашық есік» күніне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 курс студенттері де келді. Бірінші рет сот табалдырығын аттаған, «заңгер» мамандығын таңдаған студенттердің Фемида өкілдеріне сұрақтары көп болды. Олардың тарапынан осы сот қандай істерді қарайды, судья жұмысында қандай қиындықтар кездеседі, соттардың ресми сайттары бар ма деген сұрақтар қойылды.
Сот төрағасы Б.М.Қалымбет келешек заңгерлердің сұрақтарына толық жауап беріп, соттың жұмысы, жалпы сот жүйесі тұралы айтып, оларға оқуларында сәттілік тіледі.
Аталмыш шара сотта айына бір рет өткізіледі, кез келген азамат сотқа келіп, оны толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі